Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

10 ақпан, 2021 жылы "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының Түркістан облысы және Шымкент қаласы мектеп бітіруші түлектеріне  Кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған кезекті кездесуін өткізді. 

22 қаңтар, 2021 жылы Аграрлық факультетіміздің ғалымдарымен  "026 бағдарлама" атты  конкурс талаптарын мен ережелерін таныстырып, жиналыс өткізілді.

 

Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін М. Әуезов атындағы ОҚУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С. Мәжінбековтен Аграрлық факультеттің « Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының аға тәлімгері Абашев Мурат Маратович алғыс хат алды.

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының т.ғ.к, доценты, аға оқытушысы Баймаханов Кенжемырза Елбасы Н.Ә. назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒРУ» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЛИДЕР ПЕДАГОГ-2020» атты республикалық байқауға қатысып  1-дәрежелі диплом алып жеңімпаз атанды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының «МИРАС» РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АКАДЕМИЯСЫ жастар санасында денсаулық – блім – рухани қазына байлықтарын бағалау мен өркендету қағидатмен, баланың қәбілетіне қарай дарындығын дамытып, кәсіптік/техникалық  1-2 курс білім алушылары және ЖОО 1-курс студенттері арасында 2020 жылы Еліміздің «Тәуелсіздік күні» мерекесіне 29 жыл толуының орайластырып және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында онлайн жүйеде өткен ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ

Қала жастарына білім беру, Отаншылдық рухта тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық жұмыстардағы белсенді қызметі үшін қала әкімі М. Әйтеновтен Аграрлық факультеттің әлеуметтік және тәрбие жөніндегі декан орынбасары Сейдиров Нурбол Рыстаевич алғыс хат алды.

«НҰР ОТАН» партиясының бағдарламалық міндеттері мен шешімдерін жүзеге асыруда және игілікті істерді қолдап, белсенділік танытқаны үшін "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасының аға оқытушысы Ахилбеков Ғалымжан Лесбекович Нұр Отан партиясының алғыс хатымен марапатталды. 

2020 жылы мамыр айында өткен Алматы қаласындағы XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін кафедрамыздың АП-17-8к1 тобы студенті - Назан Маржан Шахизатқызы 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Дүниежүзілік кітапханалық қор күніне орайластыра, Монография-ғылыми басылым алыс, жақын және отандық оқытушы профессорлар құрамымен бірлесе отырып (Орлов мемлекеттік аграрлық, Ресей халықаралық достық, т.б ЖОО), кафедрамыздың аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент- Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлы оқулықтар шығарды.

Кафедрамыздың меңгерушісі, PhD доктор — Күзербаева Айсұлу Тұрмахамбетқызы - 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелері бойынша 40 млн теңге көлемінде «Қазіргі заманауи жағдайда жануарлардың бруцеллез індетін жылдам балау тәсілін жасау» тақырыбы бойынша грант жеңіп алды.

Беттер