Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

17 March 2021

Ұлыстың ұлы күні " Наурыз " мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚУ, “Аграрлық факультет белсенділері “Жібек жолы” ұйымымен біріге отыра " Sanaly Urpaq " клубының аясында Шымкент қаласының Қайнарбұлақ мөлтек ауданында жастардың экология мен қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру және сақтау мақсатында алғашқы 100 тал көшетті отырғызды.♻️♻️♻️

16 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні табиғат аясында серуендеуге жағдай жасалып, көшет егу, қоқыс тазарту шаралары ұйымдастырылады. Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды. Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз. Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс.