Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

       М.Әуезов атындағы ОҚМУ –нің «Аграрлық факультеттің» «Өсімдік шаруашылығы және Мал шаруашылығы» кафедрасының 1- курс студенттері арасында Ұлы Ақын  Абай Құнанбаевтың 175- жылдығына орай «Абай - дара, Абай - дана Қазақта»  атты іс шара орындалды.

Аграрлық факультеттің оқу залында  Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел  өткізілді.Аталған іс шараға   АП17,8р,АП 18,8р,АП 19,8р тобы студенттері,оқу залы кітапханашысы   Бименова С., ВКД кафедрасы аға оқытушысы Қамбаров А,аға оқытушы  Шатманов Қ,Орыс тілі пәні оқытушысы Байдулаева Р қатысты.Студенттер ұлы ғалымның мұрасымен,ғылыми –философиялық дүниетанымымен танысып,ой пікірлерімен бөлісті.

«Ұлы халықтың – ұлы Абайы»

 

Қазақ ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығы мерей тойы аясында, №9 ғимаратың 300 аудиториясында  «Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедрасының топ тәлімгері Нурдилда А.Ш. АП-19-8к3 тобының ұйымдастыруымен, Абай атамыздың шығармашылығын насихаттау мақсатында жоспар бойынша іс – шара өткізілді.

04.02.2020ж.

«Аграрлық »факультеттің «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының  АП-19-2к тобының топ тәлімгер сағатында аға оқытушы А.А.Палманованың жетекшілігімен ОҚМУ колледж студенттерімен  бірге Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  «Абай дана –Абай дара Қазақта!» атты тақырыпта тәлімгер сағаты орындалды. 

30.01.2020ж.

«Аграрлық» факультеттің «Өсімдік шаруашылығы және  мал шаруашылығы» кафедрасында   «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламасы   аясында    факультет деканы б.ғ.к. Жылқыбаев Ә.К., кафедра менгерушісі б.ғ.к. Елибаева Г.И., оқытушы Айтбаева А.С. ұйымдастырумен және 1курс студенттерінің қатысуымен «Абай-дара, Абай-кемел!» тақырыбында ашық тәлімгерлік сағат өтілді.

 

04.02.2020

Қазақ  ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығы мерей тойы аясында, № 9 оқу ғимаратының оқу залының жетекшісі С.Бименова мен «Ветеринарлық клиникалық диагностика» кафедрасының АП-18-8к1 тобының ұйымдастыруымен, Абай атамыздың шығармашылығын насихаттау  мақсатында жоспар бойынша іс- шара өткізілді.

29.01.2020  М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-дың Аграрлық факультетінің акт залында кәсіби-бағдар беру жұмыстары аясында «Ашық есік күні» өтті. Бұл іс-шараға Шымкент қаласында орналасқан №19, 24, 50, 53, 66, 89, 101, 116, 119, 120 мектептің 11-сынып оқушылары, Оңтүстік Қазақстан жаңа технологиялар колледжі, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі, Түркістан аграрлық колледжі және ОҚМУ-дың колледжінің бітірушілері , жұмыс беруші кәсіпорындардың басшылары, мамандар, және аграрлық факультетті бітірген түлектері қатысты.

«Топырақ мониторингі және деградациясы» пәнінен

«Жер мониторингі нәтижелерін қарау және өндеу» тақырыбында

АП-17-2к2 тобымен оқытушы Изтлеуова А.Б

ашық сабақ өткізді.

Абишева Г.С.- «Агротехнология» кафедрасының аға оқытуышысы.

Пәні: «Өсімдік шаруашылығы» Тобы: АП-17-1дк3.

Күні: 11.12.19ж.

Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мақсатында назарларыңызға М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандартымен» таныстыру өтті. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл стандартымен жоғары мектептің әрбір қызметкері, оқытушылары танысты

19.11.2019ж № 9 оқу ғимаратының акт залында Шет ел студенттерімен жұмыс жасау департаментінің директоры Тілеуқұлов  Гаухарбек  Сейдуалыұлы, бас маман Аблаев Серік Биғажаұлы, департамент мамандары Спанкулова Сагдат Сейтказиевна және Құрманбаева Тұрсынкүл Лесбекқызы, сонымен қатар студенттерге психологиялық көмек көрсету орталығының мамандары Төлеген Жандаулет, Жаппар Ғазиза Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінде білім алып жатқан шет ел азаматтарымен кездесу ұйымдастырды.

Беттер