Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жетістіктер және жүлделер

«Агротехнология» кафедрасынан бір қатар студенттері: АП-15-2к2 тобының студенті Аангельді Н.Н, АП-15-1ра студенті Абдиназаров Б.М.   Польша, Гуго Коллантай атындағы  Краков ауылшаруашылық университетіне академиялық ұтқырлық бойынша білім алмасты.

АП-15-2к2 тобының студенті Аангельді Н.Н. Польша, Гуго Коллантай атындағы  Краков ауылшаруашылық университетіне академиялық ұтқырлық бойынша білім алмасу барысы (2017 жыл)

АП-15-1ра студенті Абдиназаров Б.М.   Польша, Гуго Коллантай атындағы  Краков ауылшаруашылық университетіне академиялық ұтқырлық бойынша білім алмасу барысы (2017 жыл)


Біздің жетістіктеріміз

«Агротехнология» кафедрасы бойынша 2017-2018 оқу жылы ішінде перспективті және жылдық жоспар орындалды. Кафедраның сапалық құрамы жақсарып ғылыми атағы және дәрежесі бар профессор-оқытушы құрамы 62,5%-ға жетті. Кафедрада 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаттары, 13 аға оқытушылары және 8 ғылым магистрі қызмет атқаруда. 

2016 - жылда  Агротехнология кафедрасының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері  бойынша 3-оқу құралдары,  барлық мақалалар-48, конференциялардағы жарияланымдар- 38 болып,  инфакфактор-5, Вестник жалпы саны-3 жарияланым мен оқу материалдарды құрады.

Агротехнология кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының М.Әуезов оқулары-12 «Ғылым, Білім және  мәдениеттің инновациялық   бағыттарын дамытудағы аймақтық университеттің рөлі» атты  еңбектерінде 12  мақалалалар  жарияланды.

Кафедра меңгерушісінің басшылығымен алғашқы рет № 9 ғимарат маңындағы іс-тәжирибе алаңдарына дәрілік шөптерден коллекциялық –питомник құрылды, бақша-көкөніс дақылдары отырғызылды, қуаңшылық аймақтың мал азғындық өсімдіктерінің тектік қоры құрылды.

 

25.05.2017 жылы "Агротехнология" кафедрасының профессоры Раисов Б.О  " LABORE ET SCIENTIA-Трудом и знанием" орденімен марапатталды.

 

29.01. - 16.02.2018 жылы аралығында "Агротехнология" кафедрасының биология ғылымының кандидаты Р.О.Жумабаева біліктілігін артыру үшін Түркия мемлекетінің Анталия қаласының "Акдениз" университетінде өтті.

Оқу процесіне жаңа оқыту технологиялары енгізілуде, мультимедиямен қамтамасыз ету жақсартылды. ТСО, ЭВМ белсенді түрде қолданылуда, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мен модульді-рейтинг жүйелерінің қызмет көрсетуі  жақсартылды СӨЖ, өндірістік іс-тәжірибе, мемлекеттік емтихандар, бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды, ҒЗЖ мен СҒЗЖ, сыртқы бөлім студенттермен бірге оқу жұмысының  сапасын  бақылау, ОПҚ біліктілігін жоғарлату, тәрбие жұмыстары, кәсіби бағдар беру, халықаралық қатынастарды ұйымдастыру  қойылатын талаптарға сәйкес   келеді.