Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жетістіктер және жүлделер

Біздің жетістіктеріміз

«Агротехнология» кафедрасы бойынша 2016-2017 оқу жылы ішінде перспективті және жылдық жоспар орындалды. Кафедраның сапалық құрамы жақсарып ғылыми атағы және дәрежесі бар профессор-оқытушы құрамы 62,5%-ға жетті. Кафедрада 2 доктор және 12 кандидат жұмыс атқарады. 

2016 - жылда  Агротехнология кафедрасының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері  бойынша 2-оқу құралдары,  барлық мақалалар-48, конференциялардағы жарияланымдар- 38 болып,  инфакфактор-5, Вестник жалпы саны-3 жарияланым мен оқу материалдарды құрады.

3.«Әуезов оқулары-13: «Ғылыми,білім және мәдениеттің инновациялық бағыттарын дамытудағы аймақтық университеттің рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына К.Суримбаевамен «Буассье шытыршығы жемісі мен дәндерінің биологиялық ерекшелігі» атты мақаласы жарыққа шықты.

Агротехнология кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының М.Әуезов оқулары-12 «Ғылым, Білім және  мәдениеттің инновациялық   бағыттарын дамытудағы аймақтық университеттің рөлі» атты  еңбектерінде 12  мақалалалар  жарияланды.

Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймағында қуаңшылыққа төзімді малазығындық дақылдарын енгізу тақырыбы бойынша ұсыныс. А.ш.ғ.к.,аға оқытушы  К.А Суримбаева 2013.-24бет

Кафедра меңгерушісінің басшылығымен алғашқы рет № 9 ғимарат маңындағы іс-тәжирибе алаңдарына дәрілік шөптерден коллекциялық –питомник құрылды, бақша-көкөніс дақылдары отырғызылды, қуаңшылық аймақтың мал азғындық өсімдіктерінің тектік қоры құрылды.

Дәнді дақылдарға электростимулдау әсері бойынша тәжірибе Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақжар ауылында «Заречный» кооперативінде «Дәнді дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін кемінде 20-30% арттыру» тақырыбы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдері бәсекелестігін арттыру» инвестициялық грант жобасы дүниежүзілік өркендеу банкінің қолдауы бойынша жургізілді.

25.05.2017 жылы "Агротехнология" кафедрасының профессоры Раисов Б.О  " LABORE ET SCIENTIA-Трудом и знанием" орденімен марапатталды.