Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жалпы мәліметтер

Талапкерге

Мамандықтарға сипаттама

5В080100- Агрономия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Маман мамандығы: агрономия бакалавры.

Аталған мамандық түлектері төмендегідей кәсіби қызмет түрімен айналыса алады: диқаншылықтың өндірістік процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ осы процестерді басқаруға байланысты ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; қаржы-шаруашылық қызмет – өсімдік шаруашылығының өнімін өндіруге байланысты қаржылай және еңбек ресурстарының есебін жүргізу.

Жұмыс орындары: ауыл шаруашылығы басқару органдары, өндірістік кооперативтер мен шаруашылықтар, астық инспекциясы және зертханасы, бау-бақшалы саябақтар мен дендробақтар, өсімдік қорғау станциялары, кедендік қызмет, өсімдіктер карантині, кедендік бақылау, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері. 2012 жылы ашылған 3 жылыжай жұмыс істейді.

5В080800 - Топырақтану және агрохимия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Маман мамандығы: топырақтану және агрохимия бакалавры

Жұмыс орындары (топырақтанушылар үшін): ауыл шаруашылығы мен жер пайдалануды басқару органдары, өндірістік кооперативтер мен шаруашылықтар, бау-бақшалы саябақтар мен дендробақтар, өсімдік қорғау агрохимиялық станциялары мен зертханалары, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері.

Жұмыс орындары (агрохимиктер үшін): жер комитетінде, экологиялық департаментте, ауыл шаруашылығы басқару органдары, өндірістік кооперативтер мен шаруашылықтар, астық инспекциясы және зертханасы, бау-бақшалы саябақтар мен дендробақтар, өсімдік қорғау станциялары, кедендік қызмет, өсімдіктер карантині, кедендік бақылау, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері.

http://►Жалпы мәліметтер