Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Үстіміздегі жылдың 29-қарашасынды облыс әкімінің өңірлік жастар сыйлығының үздіктері анықталды. Олардың қатарында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттері де бар.

Облысымызда алғаш рет облыстық «Жастар орталығы» МКМ-нің ұйымдастыруымен облыс әкімінің «Табысты жас Қазақстандық» өңірлік жастар сыйлығын салтанатты марапаттау ұйымдастырылды. Әр салада өздерін үздіктер қатарынан байқата білген ең таңдаулылар сынға түсті. Арнайы 15 номинация бойынша берілген бұл салтанатты марапатқа ие болғандардың арасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Агроөнеркәсіп факультетінің 4-курс студенті Байзахова Сабира Мұратқызы «Жылдың жас еріктісі» номинациясын иеленді.