Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

5В080600-«Аграрлық техника және технология» мамандығының 3-4 курс студенттерінің арасында,  ТОО «Eurasia  Group Kazakhstan»  «Техника  Джон-Дир  Қазақстанда» атты студенттік-ғылыми-зерттеу конкурсы  ұйымдастырылды. Конкурс нәтижесі бойынша 1-ші кезеңінің жеңімпазы 3-курс студенті Шымкентбай Жеңісбай аталды. Жеңіпаз студентШымкентбай Жеңісбай 1-ші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен   марапатталды. II-ші дәрежелі дипломмен  3-курс студенті Түзелхан Медетхан,  III-ші дәрежелі дипломмен 4-курс студенті Аманжол Еркебулан II марапатталды.

Конкурстың 2-ші кезеңі 13-желтоқсан күні Көкшетау қаласында Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының 5В080600-«Аграрлық техника және технология» мамандығының 3-4 курс жеңіпаз студенттерінің  арасында өткізілді.  Кокурс нәтижесінде кафедраның 3-курс студенті Шымкентбай Жеңісбай III-ші дәрежелі дипломмен және фирмалық қол сағатпен марапатталды.