Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Талапкерге

        Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің әлеуметтік саиттар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпарат
        1.    «Ауылшаруашылық ғылымдары»,  (АШҒ)
        2.    Жоғары мектеп туралы қысқа ақпарат

        М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры У.Қ.Бишимбаевтың бұйрығымен 2003 жылдың 14-ші мамырында «Агроөнеркәсіптік» факультеті құрылды. «Агроөнеркәсіптік» факультетінің алғашқы бастамасында небары 80-студенттен құралған факультет, бүгінгі күнде жоғары мектеп атауын иеленіп, оның қабырғасында 1500-ден астам студенттер білім алуда.
        2014 жылдың 28-ші тамыз айында өткен Ғылыми кеңестің шешімімен ректорымыз Ж.Ү.Мырхалықовтың ұсынысы бойынша қазіргі заман талабына сай жоғары деңгейдегі білім беру жүйесіне сәйкес Агроөнеркәсіп факультеті «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі атауына өзгертілді. Бүгінгі таңда жоғары мектепте 1 академик, 8 ғылым докторы, профессорлар, 51-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттер, оның ішінде 2–ҚР мемлекеттік сыйлығының иегерлері,  жылдың 3-үздік оқытушылары, 16-ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық бағдарламасының стипендиаттары  дәріс береді. «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Германия және т.б елдердің ғылыми ұйымдарымен, мекемелерімен агроөнеркәсіптік құрылымдары және өндірістік кооперативтерімен тығыз ғылыми-өндірістік байланыстар қалыптастырылған. Оқу ордасының бойынан 2012-2013 жылдары аралығында 5В080100- Агрономия мамандықтары үшін жылыжай бой котерсе, Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің Ветеринариялық қызмет шаруаылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 5В120100- Ветеринариялық медицина мамандықтарымен тығыз байланыста бірігіп жұмыстар атқаруда. 2014 жылы 15 мамырынан бастап жоғары мектептің арнайы базасы Түлкібас ауданы,  Жаскешу елді мекенінде және Шымкент қаласында орналасқан Қайнарбұлақ елді мекендерінде агроөнеркәсіптік кешендері құрылды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан аудандардағы мекемелерде  студенттер іс-тәжірибеден өтеді. Ауылшаруашылық ғылымдары  жоғары мектебі мамандықтарының студенттері: оқу-танысу, өндірістік, клиникалық және диплом алдындағы іс-тәжірибе білімдерін кафедраның оқу базалары мен жетекші ауыл шаруашылығы өндіріс ошақтарында өтуде: облыстық ауыл шаруашылығы және аймақтық, қалалық басқармаларына қарасты мекемелерде, ЖШС «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік ғылыми зерттеу институты», ЖШС «Сайрам сүт», ЖШС «Фуд-Мастер», «Оңтүстік құс» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облыстық ветеринарлық зертханасы. Шымкент қ, «Ордабасы-Құс» ЖШС  ОҚО Ордабасы ауданы құс фабрикасы,  «Нур-Ай 5» ЖШС ветеринарлық сараптау зертханасы Шымкент қаласы, «Сапалы өнім» ЖШС ветеринарлық сараптау зертханасы Шымкент қаласы, МКК «Ветеринариялық қызмет» Шымкент қаласы т.б. Бұл жерде студенттер, заманауи   құрал-жабдықтарды пайдалана отырып,   өздерінің   дипломдық жұмыстары мен ғылыми зерттеулерін жүргізуге толық мүмкіндіктері бар. 
        «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебінің мамандықтары бойынша білім алатын студенттер 1-4 курс студенттері арасында ҚазҰАУ-де өтетін жыл сайынғы ауылшаруашылық ғылымдарының Республикалық пәндік олимпиадаларда командалық жарыстар бойынша өз білімдерін, біліктілігін жыл сайын жоғары деңгейде көрсете біледі. 
        Академиялық ұтқырлық бойынша атап айтсақ АП-14-7к1 тобының студенті Тұрар Б. 29.08.2016 (V семестр) жылғы №602-ісс бұйрығы бойынша Астана қаласы С. Сейфулин атындағы Қазақ Аграрлық техникалық университетіне, АП-14-7к2 тобының студенті Қаратай А. 01.09.2016 (V семестр)  жылғы №609-ісс бұйрығы бойынша Орал қаласы  Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық университетіне, АП-14-7к1 тобының студенті Ақжол А. 31.08.2016 (V семестр) жылғы №608-ісс бұйрығы бойынша Польша мемлекетіне Щецине Батыспоморский технологиялық университетіне  академиялық ұтқырлық бойынша білім алмасуда. 5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығының  студенті  Юсупова Милана Польша Краков қаласындағы Гуго Колоная атындағы ауылшаруашылқ университетінде https://www.viagrasansordonnancefr.com/viagra-en-ligne/ ұтқырлық бағдарламасымен оқуға барып қайтты. 
        Республикалық  ТОО «Eurasia  Group Kazakhstan»  «Техника  Джон-Дир  Қазақстанда» атты студенттік-ғылыми-зерттеу жұмысын насихаттауда халықаралық конференция белсенді қатысып, студенттер арнайы сертификат дипломдармен марапатталды және Германия мемлекетінде «Djon-Dir»  компаниясына жұмысқа шақыру жолдамасын иеленді. 
        Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі АҚ «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенство»  (NATR) тарапынан ұйымдастырылған семинарға кафедра доценті т.ғ.к., Н.Т.Манабаев, мамандық студентімен бірлесіп конкурсқа қатысып СЕРТИФИКАТ-қа ие болды. Н.Манабаев ұсынған ҒЗЖ-ның нәтижесі бойынша жасалған УМНО-4/1 әмбебап құрылғысы 5-ші халқаралық мамандандырылған AgriTekShymkent’2016 көрмесінде дипломмен марапатталды. ОҚО-ның «Жасыл Ел» жастар еңбек маусымына белсене қатысқаны үшін АП-15-3к тобы студенті Сұлтан Ұлдана Нұрманқызы ДИПЛОМ және 100 000 тг ақшалай марапатталды.
        «Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектеп тарихындағы бітіруші түлектерден: Кадастр мамандығын бітірген түлектер Джакашева Айгерим – Аль-Фараби аудандық Акимиаттың аппаратында жетекші маман қызметінде жұмыс атқаруда; аталған  мамандықты қызыл дипломмен бітірген түлек Қожамсугиров Дархан Өмірбекұлы – Төлеби ауданының Акимиат аппаратында жетекші маман қызметін атқаруда, Момбекова Гульзат Мусиркеповна – «Жылжымайтын мүлік орталығы» Арыс филиалында жетекші маманы, Агрономия мамандығын бітірген түлектер Белгібаев Еламан, Халық Асылбек- Амангелді шаруа қожалығында агроном, Сагидула Мадина- С.Сейфулин атындағы аграрлық университетінде агроном. Топырақтану және агрохимия мамандығын бітірген түлектер Тайбек Жанат- Ауылшаруашылық министрлігінің аймақтық инспекциясында, Ветеринариялық медицина мамандығын бітірген түлектер Аширбаев Улан- Астана қаласының Республикалық ветеринариялық зертхананың референция бөлімінің меңгерушісі, Утелбаев Ардақ- Қызылорда аудандық ветеринариялық зертхананың серология бөлімінің меңгерушісі, Махажанова Салтанат- Обылыстық ветеринариялық зертхананың меңгерушісі, Оспанова Нүргүл- Оңтүстік Қазақстан ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы, Байзақова Сабира- Оңтүстік Қазақстан әкімшілік «Жастар саясаты» бөлімінің жетекшісі, Ажимуратов Кемел- Отырар аудандық ветеринариялық бөлімнің меңгерушісі, Жунисова Ақмарал – Обылыстық ветеринариялық зертхананың химия бөлімінің меңгерушісі т.б. Біз сеніммен айта аламыз біздің түлектеріміз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын қоғам тұлғасы бола алады.
        
        3.    «Ауылшаруашылық ғылымдары»  жоғары мектебі 8 мамандық бойынша мамандар даярлайды:
        Бакалавриат:

Мамандық тізімі

1

бейіндік пән

2

бейіндік пән

Ұлттық деңгейдегі орны

1.

 

 

5В080100-

Агрономия

Биология

Биология

1-ші орын

 

2.

5В080200- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру  технологиясы

Биология

 

Биология

5- ші орын

 

3.

5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану

физика

физика

I-ші орын

 

4.

5В080600 - Аграрлық техника және технология

Физика

 

Физика

II-ші орын

 

5.

5В080800 - Топырақтану және агрохимия

География

География

I-ші орын

 

6.

 

5В090300 -Жерге орналастыру

 

  •  

География

 

II-ші орын

 

7.

 

5В090700 – Кадастр

  •  

География

III-ші орын

8.

5В120100 - Ветеринариялық медицина

Биология

Биология

I-ші орын

 

        Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің кафедралары
        Жоғары мектеп құрамында 5 кафедра жұмыс істейді:
        Агротехнология кафедрасы
        «Агротехнология» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының 2005 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен Агроөнеркәсіптік факультетінің жанынан ашылған. Кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша мамандар әзірленеді:
        5В080100 - Агрономия,
        5В080800 - Топырақтану және агрохимия.
        Біздің кафедраның рөлі ел экономикасының басым саласына – агроөнеркәсіптік кешенге (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, агрономия, т.б.) түрлі бағыттағы мамандарды дайындаумен аса бағалы.  Мұнда мықты оқытушылар құрамы: 2 ғылым докторы, профессор (оның ішінде біреуі ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты), 12 ғылым кандидаты жұмыс жасайды. Студенттер контингенті жыл санап артуда. Бүгінгі таңда кафедрада 426 студент оқыса, оның 98.8% мемлекеттік білім грантымен білім алуда. Оқытушылар құрамының үлесі: 42%.
        
        Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы кафедрасы
        М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректорының бұйрығымен 2003 жылдың 14-ші мамырында «Агроөнеркәсіптік» факультетіне қарасты «Агротехнология», сонан соң 2005 жылы «Ветеринариялық медицина және зоотехния» кафедрасы дараланып шықты. Жеке классификатор бойынша   2011 жылдан бастап 5В080200– «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша кадрлар дайындалуда. Осы жылдар аралығында кафедра меңгеруші қызметін атқарғандар: а.ш.-ғ.д. Қожалы Б., а.ш.-ғ.к. Ешибаев А., Купешов Т., Жарасбаев С.А.,а.ш.-ғ.д.  Асылбеков Б.Ж. тағайындалған болатын.
        Кафедраның 2016-2017 оқу жылында 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде 158 студент білім алуда. Студенттер контингенті жыл санап артуда, оның 98.8% мемлекеттік білім грантымен білім алуда. Олар соңғы үлгідегі оқу – зертханалық құрал жабдықтармен қамтылған аудиторияларда немесе кафедраның оқу базаларында білім алып, студенттік ғылыми және дипломдық жұмыстарын орындауда. Оқытушылар құрамының үлесі: 77%.        
        
        Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
        2013-2014 оқу  жылында  Университеттің Ғылым Кеңесінің шешімі (№1 хаттама  "28" 08.2013ж.,  №234  бұйрық "28" 08.2013ж.)  негізінде "Су ресурстары және суды қолдану" және "Кадастр, жерге орналастыру және ауылшаруашылық техникасы" кафедрасының бірігуімен "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" (СРЖжА) кафедрасы болып құрылды. 
        5В080600-Аграрлық техника және технология мамандығының  студенті  Юсупова Милана Польша Краков қаласындағы Гуго Колоная атындағы ауылшаруашылқ университетінде ұтқырлық бағдарламасымен 2015-2016 оқу жылы оқуға барып қайтқан. 
        Кафедра көлемінде Республикалық  ТОО «Eurasia  Group Kazakhstan»  «Техника  Джон-Дир  Қазақстанда» атты студенттік-ғылыми-зерттеу жұмысын насихаттауда халықаралық конференция ұйымдастырылып 1-ші кезеңінің жеңімпазы студент Нұртас Мұратбеков аталды. Студент 1-ші дәрежелі дипломмен және  Германия мемлекеті «Djon-Dir»  компаниясына жұмысқа шақыру жолдамсымен марапатталды. 
        "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника" кафедрасы - Су ресурстары және суды пайдалану, Аграрлық техника және технология, Жерге орналастыру және Кадастр мамандарын дайындайды. Оқытушылар құрамының үлесі: 37%.        
        
        Ветеринариялық клиникалық диагностика кафедрасы
        «Ветеринариялық медицина» мамандығы ресми 2003 жылы ашылды, яғни 12 жыл бүрын, бұл жылдар тек өсумен қатар қиын да ұзақ творчествалық даму кезеңі болды. Осы жылдар аралығында кафедра меңгерушіcі қызметін атқарғандар: доцент Қожалы Б.,  Купешов Т., Жарасбаев С.А., Туткышбай  И.А., Бердикулов  М.А. Төлеметова С.Е., Муталиев Ә.М. Казіргі таңда 2014 оқу жылынан бастап М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры бұйрығымен «Ветеринариялық медицина» кафедрасы аты өзгеріп екі кафедраға бөлінді: 1) «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы. 2) «Жануарлар патологиясы» кафедрасы. «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы меңгерушісі болып  ауылшаруашылық  ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеметова С.Е. тағайындалды.
        БжҒМ шешімімен б.ғ.д., профессор Ильясов Б. (2012) «Үздік оқытушы» грант иегері атанды.
        Алғашқы кезеңде дәріс берген профессор оқытушылар халықаралық ауылшаруашылық университеттерінің түлектері еді, ал осы кезеңде   М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың түлектері қызмет атқаруда. Оқытушылар құрамының үлесі: 34% .
        
        Жануарлар патологиясы кафедрасы
        2014 ж жаңа оқу жылында «Ветеринариялық медицина» кафедрасы ОҚМУ-нің ректоры бұйрығымен 2 кафедраға бөлінді 1. «Жануарлар патологиясы». 2. «Ветеринариялық клиникалық диагностика». «Жануарлар патологиясы» кафедрасын ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Түрымбетов Б.С. басқарды.
        Қазіргі уақытта, кафедра құрамында 18 оқытушы, 2 ғылым докторы, 1 профессор, 1 доцент, 4 - ғылым кандидаттары және 10 оқытушылар мен магистрлар дәріс беруде. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 48,8% (штаттық 46,12%) құрады, бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 15%-ға өскендігін көрсетеді. Олардың  орташа жасы 45 жасты құрайды. Оқытушылардың 90 пайызы, базалық білімі «ветеринариялық дәрігер» қалғандары «зоотехния» және «биология» мамандары.
        Кафедра республика мен шетелдерге танымал ғалымдар мен мамандар дәріс оқуда. Атап айтқанда Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары: ветеринария ғылымдарының кандидаты Нуралиев С., ветеринария ғылымының докторы, профессор Ильясов Б.К, ҚР ПРезидентінің «Болашақ» халықаралық бағдарлама грант иегері ветеринария ғылымының кандидаты, доцент Тұтқышбай И.А, а.ш.ғ.д профессор Қожалы Б.,биология ғылымының  докторы  Қожабаев М. Оқытушылар құрамының үлесі: 35%.
        
        5. Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектептің материалдық базасы​

  

       1-cурет  Лактан 1-4 (сүттің                     2-сурет Микробиологиялық бокс 
            майлылығын, суын,                        (микробтар мен бактериялармен
     СОМОсын анықтау үшін)                                жұмыс жасау үшін )        

  

3-сурет Автоклав (Химиялық                      4-сурет Минигем – 540 (қанның
ыдыстарды залалсыздандыру үшін)                   гемоглабинін анықтау үшін)        

   

  5-сурет РН – метр              6-сурет Су моншасы (TW-2,             7-сурет Асператор
(қышқылдың сілтінің, судың          химиялық реакция-             АН-59 (ауаның ластығын
РН-ын анықтау үшін)                   ларды жүргізу үшін)                        анықтау үшін)   

   

       8-сурет Желдеткіш шкаф                 9-сурет Дистилтор                            10-Биомед                

11-сурет Зертханалық үстел

  

    12-сурет Электрондық таразы             13- сурет Магниттік араластырғыш

  

    14-сурет Трихинеллескоп                     15-сурет Фотоколориметр      
   (Стейк Петролазер)                                                                

6. Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектептің  жатақханасы 

 

1-сурет Студенттер жатақханасы

2-сурет Жатақханадағы асхана

 

3-сурет Мәжіліс залы

      

4-сурет Оқу залы

5-сурет Акт залы

6-сурет Спорт зал

   

    7-сурет Концерттік іс-                    8-сурет  Студенттері                  9-сурет  Мәжілісзалы   
шаралардың өту барысы             арасында волейболдан                                                  
                                         жарыс                                        

7. Студенттер өмірінен ақпарат 

1-сурет F1 Байсужок буданын интердерминит арқылы қызанақ көшетін егу

2-сурет Көкөніс дақылдарының морфологиясымен танысу 

3-сурет АП-14-7к1 тобының студенті Ақжол А. Польша мемлекетіне академиялық ұтқырлық бойынша білім алмасуы

4-сурет АП-15-1др топ мүшесі Каюмова Гозаль Республика аралық «Гандбол » спорт жарысынан І-ші орын иегері.

5-сурет Спорттық жарыстардың өту барысы

  

6-сурет АП-15-1др топ мүшесі                       7-сурет АП-14-3к тобының
   Каюмова Гозаль Республика                        студенті  Бекзат Қаблан     
                 аралық «Гандбол » спорт                          Джон-Дир   техникасы аясында           
   жарысынан І-ші орын иегері.                                                                     

8-сурет Доцент М.Жаңбырбаев студенттерге патологиялық ішкі органдарды көрсетуде

9-сурет «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасында малдардың лептоспироз ауруына қарсы пайдаланатын гиппериммунды, поливалентті қан сарысуы даярланды.

10-сурет Тәрбие ісі және жастар саясаты бойынша тәлімгерлік сағат

11-сурет В.ғ.к., доцент   Туткышбай И.А., «Болашак» бағдарламасы бойынша іс тәжірибеден өтті Хоэнхайм университетінде (Hohenhein universiteat)  ГФР.

12-сурет Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаттары: ветеринария ғылымдарының кандидаты Нуралиев С., ветеринария ғылымының докторы, профессор Ильясов Б.К. ғылыми зерттеу жұмыстарын ветеринариялық клиникада жүргізуде