Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

9 қараша күні 2013 жылы Агроөнеркәсіп  факультетінде  Студенттің  Арнау  кеші  болып  өтті. Осы  кеште  Агроөнеркәсіп  факультетінің  деканы Ә.Жылқыбаев,  ОҚМУ-дың  суденттік  ректоры  С. Мырзатай   және  әр  факультеттердің  студенттік  декандары   құрметті  қонақ  болды.

Кеште Агроөнеркәсіп  факультетінің  белсенді   студенттері  алқамен  және  мақтау  қағаздарымен  марапатталады. 1-курс  студенттеріне «Студенттік  билет»  пен «Білім  кілті » табысталды.

Кеште  жігіттермен  қыздар  өте  жақсы  өнер  көрсетті. Ұлттық  ән мен  билер,  шығыс билері мен  әндерін  ұқыпты  түрде  орындады. Оқу ордамыздың  әзілқойларынан  құралған  «TehTown»  және  «Қарапайым  жігіттер »  КВН  командалары  кереметтей  әзілдерімен  көрермендерге  көтеріңкі  көңіл  күй  сыйлады.