Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Отандық серіктестер, іс-тәжірибе базалары, оқу-ғылыми-өндірістік кешендер

ОҒӨК (УНПК) ұйымдастырылуы

Қазіргі таңда «Ветеринариялық клиникалық диагностика» және «Жануарлар патологиясы» кафедралары ОҒӨК төмендегі кәсіпорындармен келісім шарт жасалынған:

1.  Шымкент қаласы, ЖШС «Нур-Ай-5»

2. Шымкент қаласы, ЖШС «Амангелді»

3. «Шұбар» асыл тұқым кешені» ЖШС, Ордабасы ауданы.

4. ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті «Республикалық ветеринарлық зертхана»

5. «ОҚҒЗВС» филиалы

6. «Ветеринариялық қызмет» ҚКК

7. М.Әуезов атындағы «Ветеринариялық клиника», кіші ветеринариялық мекемелер және ветеринариялық аптекалар.

Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша ОҒӨК жоспар бойынша ұйымдастырылып келеді.

Шымкент қалалық «ОҚҒЗВС» базасында оқу жоспарына және оқу кестесіне сай 1 және 2 курс студенттері таныстырма сабақтарын және оқу практикаларын өтіп келеді. «Нур-Ай-5» ЖШС-нде 5 курс студенттері «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» пәні бойынша зертханалық сабақтарын өткізуде.

ОҚМУ–ға қарасты ветеринариялық клиникада 3-4-5 курс студенттері  «Жануарлардың ішкі аурулары», «Ветеринариялық хирургия» және  «Паразитология» пәндері бойынша студенттер жануарларды емдеу, балау, аурулардың алдын алу жұмыстары бойынша кәсіби біліктілігін жоғарлатып келеді.

Оқытушылармен студенттердің бірлесіп, ғылыми журналдарға берген  мақалаларын зертханалық тәжірибелік сабақтардың нәтижелері ретінде, курстық жұмыстарға және дипломдық жұмыстарға тақырып болып жалғасын табуда.

Ғылыми зерттеу жұмысының өрнегі бар дипломдық жұмыстар тақырыбын оқу жылының басында алып, кейіннен жетекшілерімен бірге әр бөлігін күнтізбелік кесте бойынша орындады.