Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

04.12.2014ж., Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Діни зерттеулер орталығының директоры Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттер арасында насихаттау және түсіндіру жұмысын жүргізді.