Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

«М.Әуезовтың еңбектері  мен  өмірбаяны» атты дөңгелек үстелді, ОҚМУ –дың 70-жылдығына орай «Су ресурстары және суды пайдалану» кафедрасынан АП-11-4к1 тобының ұйымдастыруымен,  13.03.2013ж., сағ 12-20 да, 105 аудиториясында өткізілді. Іс-шарада 3-этаптан тұрады:

  1. М.Әуезовтың  өмірі мен шығармашылығы туралы  білім  деңгейін арттыру  бағытында шолу жасалынды.(өмірбаяны, ағартушылық ісі, драматургиясы);
  2. Ой ұшқырлығын  танытуға, шыңдау, белсенділігін  арттыру мақсатында сұрақ – жауап  түрінде сайыс ұйымдастырылды;
  3. Жауапкершілікке , ұжымшылдыққа тәрбиелеу  мақсатында М.Әуезовтың шығармаларынан үзінді, домбырамен өлең айтылды.

   Дөңгелек үстелде видеороликтер көрсетілді.Топ студенттері 2-топқа бөлініп, екі топты екі жүргізуші жүргізді.АП-11-4к1 тобындағы дөңгелек үстелде қабырға газеті мен презентациялық слайдтар әзірленді.