Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

5В120100 – «Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша:

 Қазіргі таңда, «Ветеринарлық медицина» мамандығының 3 курс АП-14-8р тобының студенті Токсеит Асия Польша мемлекеті, Краков қаласында Гюго Коллантай атындағы Ауылшаруашылық университетінде  сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алмасуда.

5В080200 - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша:

 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығының бір қатар студенттері: АП-14-7к1 тобының студенті Тұрар Б. Астана қаласы  С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, АП-14-7к2 тобының студенті Қаратай А. Орал қаласы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде, АП-14-7к1 тобының студенті Ақжол А. Польша мемлекетінде Щецине Батыспоморский технологиялық университетінде  академиялық ұтқырлық бойынша білім алмасты.

5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша:

«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша 3 курс АП-14-4к1 тобының студенті Серік Динара Серікқызы Польша мемлекеті, Краков қаласында Гюго Коллантай атындағы Ауылшаруашылық университетінде академиялық ұтқырлық бойынша  сәтті білім алмасып келді.