Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ақпараттық білім беру орталығының    № 9 оқу залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау, түсіндерме жұмысын жүргізу мақсатында «Дамудың жаңа бағыттары» атты талқылау болып өтті. Жолдауды талқылауға  « Агроөнеркәсіп » факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
« Агроөнеркәсіп » факультетінің деканының орынбасары А.А. Қамбаров  іс-шараны ашып берді.   «Агротехнология» кафедрасының оқытушысы Т.С. Жубатов және факультеттың аға кураторы Ш. Абдикаримова, өз сөздерінде Елбасының Жолдауы өмірдің барлық салаларында біздерді нақты нәтижеге қол жеткізуге бағыттап, жолдаудың барлық тараулары мемлекеттің мығым мүмкіншілігін айқын және нысана еткен нақты жетістікке жететін жолды көрсетіп отырғанын, жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге ерекше назарын аударып, ел игілігі үшін аянбай еңбек ету қажеттігін айтып өтті.
Серимбетова Ақбота, Базарбаева Маржан, Күмай Сунгат, Нуртаева Асем, Мамыраева Гулзада,Қудайберген Айжан,Сейдахан Балнұр белсенді студенттер жолдаудың жеті бағыттарын талдап, Қазақстандағы жастардың патриоттық рухын арттыру үшін, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, барынша үлес қосатындықтарын айтып, жолдауды қолдайтындығын білдірді.  
Жолдаудың негізгі бағыттарын оқырмандарға түсіндіру  мақсатында «Дамудың жаңа бағыттары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Талдауға қатысушылар жолдауды жүзеге асыруға барлық күш жігерленін жұмсайтындықтарын және жолдауды қолдайтынын білдірді.