Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Кафедра тарихы

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

 

     Кафедра «Агроөнеркәсіп» факультеті құрамында «Су ресурстары және жерді пайдалану» атымен 2007 жылы ашылды. 2011-2012 оқу жылында  кафедра «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Жерге орналастыру, кадастр және ауыл шаруашылық техникасы » кафедраларына екіге бөлінді.

       «Су ресурстары және жерді пайдалану» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д. Наурызбаев Елеу Мұратұлы (2007-2012жж), ал  «Кадастр, жерге орналастыру және ауыл шаруашылық техникасы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Алдияров Жұмаділлә (2011-2013жж) болды.

         2013-2014 оқу  жылында  "Су ресурстары және суды пайдалану" және "Кадастр, жерге орналастыру және ауыл шаруашылық техникасы" кафедралары бірігіп "Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника"  кафедрасы болып құрылды. Кафедраны 2013-2016жж т.ғ.к., доцент Кенжибаева Гульмира Советовна басқарса, 2016-2017жж кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент Баймаханов Кенжемырза атқарды. Қазіргі таңда кафедраны т.ғ.к., доцент Султанбекова Парида Сынабаевна  басқаруда. 

Кафедрада мамандарды дайындауда кредиттік жүйе негізінде жүргізеді және 5В080500-Су ресурстары және суды пайдалану, 5В080600-Аграрлық техника және технология, 5В090300-Жерге орналастыру, 5В090700-Кадастр бакалавр мамандықтары бойынша мамандарды дайындайды.

Кафедрада оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстарды 24 профессор оқытушы құрамы атқарады: 1 т.ғ.д, профессор, 6 т.ғ.к., доценттер, 4 аға оқытушы, 6 магистр,  3 оқытушы және 4 оқу көмекші қызметкерлер.

Кафедрада ҚР-ның оңтүстік аймағының суғармалы егіншілік, мал шаруашылық өндірісінің механизация деңгейін көтеру мәселелерін зерттеу, ҚР-ның Оңтүстік аймағының егістік алқаптарын кадастрлық бағалау мәліметтерін құру, суғармалы егістік алабын есепке алу, ластанған жерлердің картасын зерттеу, сумен қамтамасыз ету, суғару және жайылымды суландыру мәселелерін шешуге арналған Оңтүстік аймақтық су  ресурстарын кешенді зерттеу, экономика салаларын сумен қамту мәселелерін шешу жолдары, гидроэнергетика жағдайын бағалау және дамуын болжау тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Кафедрада ҚР БҒМ   және де басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық қорлар мен ұйымдардың қаржыландырған өзекті мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:

- Фермерлерге арналған төртеуі біреуде әмбебап көпфункционалды аспалы қондырғы (УМНО-4/1) тақырыбына, жоба жетекшісі т.ғ.к., доцент Манабаев Н.Т. қаржыландыру көлемі 3 млн теңге.

- Мақта өнімін тасымалдау үшін 2ПТСХ-10-45 маркалы жүкті өзі төгетін аз көлемде прцепті шығару мекемесін ұйымдастыру тақырыбына, жоба жетекшісі Калымбетов Б. қаржыландыру көлемі 240 млн. теңге.

- Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайларында ашық алқапта 3 рет өнім алудың агротехникалық іс-шараларын іске асыру жолымен көкөніс өндіруді қарқынды дамыту және осы мақсатта ауыл шаруашылығы машиналары мен агрегаттары кешенін даярлау тақырыбына, жоба жетекшісі Калымбетов Б. қаржыландыру көлемі 147 млн. теңге.

Кафедраның жоғары білікті мамандарды дайындауда 10 жылдық тәжірбиесі бар. Жоғарғы оқу орындарының рейтингтеріне лайықты, оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын іске асыруда. Кафедра  стратегиялық дамуды қалыптастыруды мақсат тұтып, материалдық-техникалық базаны дамытып,  электронды контентті жасауға көп көңіл бөлуде.  

Кфедра оқытушыларымен 20-дан астам оқулық және оқу құралы, 30 дан астам лабораториялық және практикалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар орындалды, 3 өнертабысқа алдын-ала және инновациялық патенттер және 150-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды.

Бәсекеге қабілетті су және ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауда оқу, ғылыми және иновациялық тіршілік негізінде жаңа ғылыми-инновациялық технологиялар мен тиімді басқару әдістерін енгізу мақсатында және білімгерлердің тәжірибесін ұйымдастыру (геодезиялық, оқу гидрогеологиялық, өндірістік және диплом алды) және өндірістен біліктілігі жоғары мамандарды оқу үрдісіне тарту мәселелері бойынша өндіріспен тығыз байланыс орнатқан. Кафедраның өндірістік базалары ұйымдастырылған, олар агроөнеркәсіптік кешен «Қайнар бұлақ», РМК «Қазсушар», РМК «Қазсушар» «Оңтүстік ауыз су» филиалы, «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық мелиоративті экспедициясы», «Су арнасы - Маркетинг» ЖШС, «Самарт 3Т», Азаматтарға арналєан үкімет» Мемлекетттік корпорациясы, Коммерциялық емес акционерлік қоғамның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы-жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық  тексеру департаменті, «Сайрам» ӨК, «Қ.А.Яссауи» ӨК, «Март» ЖШС, ҚР АШМ АӨК МШК Фитосанитария, ЖШС «Казбел-Техника» сауда орталығы, ЖШС ЛТД Тұрмыс, «Проект А» ЖШС, «М градо»  ЖШС.

Кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы Мәскеу мемлекеттік табиғатты үйлестіру университетімен, Қырғыз Аграрлық Академиясымен Ташкенттің мелиорация институтымен ғылыми-оқу жағынан байланыста қызмет атқаруда.