Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Кафедра тарихы

«Агротехнология»  кафедрасы  М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының 2005-жылғы 14-қыркүйек №316 бұйрығымен Агроөнеркәсіп факультеті құрамында ашылған. Кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша болашақ мамандар әзірленуде: 5В080100-Агрономия, 5В080800- Топырақтану және агрохимия.

«Агротехнология»  кафедрасы 13 жылдық тарихында 6 меңгеруші арқылы басқарылып, ғылыми жұмыстарды жүргізу, студенттерге сапалы білім мен тәрбие беру, білікті маман шығару бағытында көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда «Өсімдіктерді ғылыми зерттеу зертханасы», «Өсімдік шаруашылығы» және «Топырақтану және агрохимия» зертханалары, Қайнарбұлақ оқу ғылыми-өндірістік кешені, көкөніс дақылдарының отандық жаңа сұрыптарын зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған екі жылыжай, «Жер Ана» және «Гүл жер көркі» атты студенттердің ғылыми үйірмесі, «ғылыми студенттік қоғам» Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, Қазақстан Респуликасының Білім және Ғылым Министірлігінің екінші, үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталу арқылы жоғары деңгейде жұмыс жасауда.

 2013-жылдың қаңтар айында б.ғ.к., доцент Елибаева Гулмира Исатайқызы кафедра меңгерушісі болып  тағайындалғаннан бастап, мамандық ерекшелігіне байланысты студенттерге сапалы білім беру мен тәжірибені ұштастыру мақсатында оқу ғылыми-өндірістік кешені ашылып, онда қарқынды алма бау, 32 жүзім сортының көшеттерінен құралған жүзімдік, жаңғақ және басқа да түрлі жеміс ағаштары, суармалы егіншілік дақылдары өсіріліп, мамандық студенттері дуальді оқу бағдарламасына көшу арқылы онда теория мен тәжірибені ұштастыру жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар өндірістік іс-тәжірибе базасы ретінде дәрілік және малазықтық  өсімдіктер генофондын сақтау мен оларды зерттеу мақсатында құрылған тәлімбақ жұмыс жасауда.

Елибаева Гулмира Исатайқызы жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында кафедраны ғылыми бағытта дамытып, оқу-ағарту стандарттарын жоғары деңгейге көтеруде мол еңбек сіңірді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында ауылшаруашылығының білікті мамандары – 1 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаттары, 13 аға оқытушылары және 8 ғылым магистрі қызмет атқаруда.