Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

         2018 жыл 12-15 қаңтар аралығыңда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық елді мекеніндегі қой шаруашылығына шетелдік университет ғалымдарымен әріптестік байланыс бойынша бірлескен екі жақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында Германия елінің Штуттгарт қ. Хойенхайм университет докторы Вернер Филипп мырза «SES-Expert» бағдарламасымен Қазақстанға келді. Кездесу барысында Қорқыт ата университетінің басшыларының ұйымдастыруымен тренинг-семинар, мастер-класс, баяндамалар, сұрақ-жауап сұхбаты өтті. Қызықты кездесу қонағы доктор Вернер Филипп мырза Хойенхайм университеті,  ветеринария ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов ат.ОҚМУ доценті, Болашақ стипендиат иегері Тұтқышбай И.А., шаруа қожалықтарының басшылары т.б.қатысты. Аталған тақырып «Қой көңін және де басқа қалдықтарын қайта өңдеу» бойынша интерактивті тақтада презентациялық көрініс, бірнеше видеолекция баяндалды.