Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми –зерттеу бағыты

2020-2021 жылы СҒЗЖ және ОҒЗЖ айналысатын студенттер саны-120, ОҒЗЖ – 150. Басқа ЖОО  конференциясына қатысқан студент саны 2, оның ішінде халықаралық – жоқ.

2020 жылы мамыр айында өткен Алматы қаласындағы 

XII Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша, жоғары нәтиже көрсеткені үшін кафедрамыздың аға оқытушысы-Қамбаров Алтынбек Әкімбекұлы жетекшілік еткен АП-17-8к1 тобы студенті- Назан Маржан Шахизатқызы 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін Сапарбек Назерке Ернурқызы мен Бижігіт Әйгерім Еркінбекқызы алғыс хатпен марапатталды.

2020 жылы «ҚАЗІРГІ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТАРЫ» тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экононмикалық  бойынша 23-республикалық студенттік ғылыми конференцияға қатысқаны үшін кафедрамыздың студенттері- Әсілбек Б., Абдрахманов А., Ақылбеков Д және ғылыми жетекшісі-в.ғ.к., доцент Тұтқышбай И.Ә сертификатқа ие болды.