Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 2013жылдың 21-ші  қараша айында Агроөнеркәсіп факультетінде «Агроөнеркәсіптік мамандықтар бойынша шет тілдер» кафедрасының оқытушылары және факультет студенттері ұйымдастырған «Foreign Language Club» атты студенттік үйірменің ашылу салтанаты өтті. Бұл үйірменің ашылу мақсаты студенттер қауымының шет тілдерінде сөйлеу қызығушылығын арттыру. Бұл үйірменің ашылу салтанатында студенттер «Күлше қыз», «Ромео мен Джулетта» көріністерінің заманауи үлгісін көрсетті. Және де ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерінде ән шырқалды. Барлық қатысушылар сертификаттармен,сыйлықтармен марапатталды.