Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Факультет туралы

 

 Аграрлық факультетінің деканы

Жылқыбаев Әсет Кеңесбекұлы

Биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қаласы,

М.Х. Дулати көшесі 198,  9-шы ғимарат
Телефон: 8(7252) 32-35-87
E-mail: ukgu_ap@mail.ru

Оқу және оқу әдістемелік жұмыстары бойынша  Декан орынбасары: 

  • Турганбаев Нурболат Оразалиевич
  • Аға оқытушы
  • Байланыс ақпараты:
  • е-mail: n.turganbaev@mail.ru
  • Тел: 87252-32-23-37
  • Кабинет: №9 корпус 220 кабинет

Ғылыми зерттеу жұмыстар бойынша Декан

орынбасары

  • Қонысова Сара Сапарқызы
  • а.ш.ғ.к., аға оқытушы
  • Байланыс ақпараты:
  • Тел: 87252-32-23-37
  • Кабинет: №9 корпус 220 кабинет

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бойынша  Декан орынбасары: 

Сейдиров  Нурбол  Рыстаевич
Оқытушы
ғимарат № 9, 220 каб
Телефон : 8(7252) 32-17-33

   

Жалпы мәліметтер

2014 жылдың 28-ші тамыз айында өткен Ғылыми кеңестің шешімімен Агроөнеркәсіп факультеті негізінде «Ауылшаруашылық ғылымдары» Жоғары мектебі құрылды.

Бүгінгі таңда Жоғары мектепте 1 академик, 8 ғылым докторы, профессорлар, 51-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттер, оның ішінде 2 - ҚР мемлекеттік сыйлығының иегерлері,  жылдың 2- үздік оқытушылары, 10 - ҚР Президентінің “Болашақ” халықаралық бағдарламасының стипендиаттары  дәріс береді.

Аграрлық факультетте 9 мамандық бойынша мамандар даярлайды:

    6В08110- "Агрономия"

    6В08610 - "Су ресурстары және суды пайдалану"

    6В08510 - "Аграрлық техника және технология"

    6В08120 - "Топырақтану және агрохимия"

    6В07350 -"Жерге орналастыру"

    6В07360 - "Кадастр"

    6В09110 - "Ветеринариялық медицина"

    6В07330 - "Сумен қамтамасыз ету, суды бұру және су ресурстарын қорғау"

    6В08210 - "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы"

Аграрлық факультетінде жылдың үздік оқытушысы байқауының жеңімпаздары:

1.     Ильясов Бисенғали Керешұлы, ветеринария ғылымының докторы, “Ветеринариялық медицина ”  кафедрасының профессоры.

2.     Асылбеков Бауыржан Жамалбекұлы -  ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, “Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы” кафедрасының профессоры

3.     Баймаханов Кенжемирза - техника ғылымдарының кандидаты, "Су ресурстары және суды пайдалану" кафедрасының меңгерушісі, доцент

Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері:

1.     Омар Мырзахан  -  ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, “Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы” кафедрасының доценті

2.     Қансеитов Тағай  -  ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, “Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы” кафедрасының профессоры

3.     Нуралиев Сайрамбек - ветеринария ғылымының  кандидаты , “Ветеринариялық медицина ”  кафедрасының доценті

 Қазақстан Республикасы Президентінің  “Болашақ ” халықаралық бағдарламасының стипендиаттары:

1.     Тұтқышбай Ибрагим  Әскерұлы – Германия , Штутгарт унверситеті

2.     Манабаев Нұрлыбай Тағабекұлы – Ресей, Мәскеу, К.Тимирязев атындағы Ресей ауылшаруашылық академиясы

3.     Амантаев Бекзак Өмірзақұлы – Ресей, Мәскеу, К.Тимирязев атындағы Ресей ауылшаруашылық академиясы

4.     Тұрғанбаев Нұрболат Оразалыұлы – Ресей, Мәскеу, К.Тимирязев атындағы Ресей ауылшаруашылық академиясы

5.     Теңлібаева Айымкүл Серікбайқызы – Ресей, Мәскеу, К.Тимирязев атындағы Ресей ауылшаруашылық академиясы

6.      Жорабекова Айнұр Назымбекқызы – Швейцария, Монтре  бизнес институты

7.     Бейсенова Гүлжан Абдуллаханқызы – Швейцария, Монтре бизнес институты

8.     Жолдасова Мақпал Әбдижалилқызы – Швейцария, Монтре бизнес институты

9.     Сейтжаппар Майра Құдайқұлқызы – Швейцария, Монтре бизнес институты

10.   Дошанов Даулет Аскарович          -   Ресей, Мәскеу, К. Тимирязев атындағы Ресей ауылшаруашылық академиясы

11.   Аубакирова Фарида Хабиевна      -   Ресей, Мәскеу, К. Тимирязев атындағы Ресей ауылшаруашылық академиясы

Халықаралық байланыс

Аграрлық факультеті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Германия және т.б. елдердің ғылыми ұйымдарымен, мекемелерімен агроөнеркәсіптік фирмаларымен және өндірістік кооперативтерімен тығыз ғылыми-өндірістік байланыстар қалыптастырған.

Талапкерге

6В08110 -Агрономия (биология - химия).  Оқу мерзімі: 4 жыл

Кәсіби қызметі: Акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалығы, жеке меншік, ұжымдық шаруашылықтар, ауылшаруашылық саласына қатысы бар әртүрлі фирмалар және басқа да шаруашылықтар.

Жұмысқа орналасу саласы: Ауыл шаруашылығын басқару органдары, өндірістік кооперативтер, жеке шаруашылықтар, астық инспекциясы мен зертханалар, саябақтар, дендробақтар, өсімдік қорғау станциялары, астық тазалау және сақтау мекемелері, ғылыми-зерттеу мекемелері.

6В08610– Су ресурстары және суды қолдану (физика - математика).  Оқу мерзімі: 4 жыл

Кәсіби қызметі: Су шаруашылығы және су энергетика жүйелері. Әртүрлі гидротехникалық құрылымдар, су жібергіштер, су тастағыштар, су алғыштар, гидростанциялар, сорғыш станциялары, суландыру жерлері, ғылыми -зерттеу, жобалау және конструкторлық ұйымдар.

Жұмысқа орналасу саласы: Суды және су шаруашылығын игеру органдары, мелиорация жүйелері, қоршаған ортаны қорғау мекемелері және ғылыми-зерттеу мекемелері.

6В08210 -Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясыиология - химия).  Оқу мерзімі: 4 жыл

Кәсіби қызметі: Акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалығы, жеке меншік, ұжымдық шаруашылықтар, ауылшаруашылық саласына қатысы бар әртүрлі фирмалар және басқа да шаруашылықтар.

Жұмысқа орналасу саласы: Ауыл шаруашылығын басқару органдары, өндірістік кооперативтер, жеке шаруашылықтар, астық инспекциясы мен зертханалар, саябақтар, дендробақтар, өсімдік қорғау станциялары, астық тазалау және сақтау мекемелері, ғылыми-зерттеу мекемелері.

6В08510 – Аграрлық техника және технология  (физика - математика).  Оқу мерзімі: 4 жыл

Кәсіби қызметі: Егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өңдеудің машиналық технологиялары, машина кешендері, машиналарды диагностикалау , техникалық қызмет көрсету, және жөндеу технологиялары мен  құралдары, машина сынау стансалары мен агротехникалық сервис мекемелерінің аспаптары мен жабдықтары.

Жұмысқа орналасу саласы:  Фермерлік және жеке шаруашылықтар, өндірістік кооперативтер, машина-трактор станциялары (МТС), ауылшаруашылығын басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері және конструкторлық бюролар.

6В08120– Топырақтану және агрохимия (биология - химия)Оқу мерзімі: 4 жыл

Кәсіби қызметі: Республикалық аграрлық бағыттағы ғылыми-өндірістік орталықтары, мемлекеттік жер ҒӨО, территориялық және жер комитеттері, топырақтанушылар, агрохимиктер, картографтар, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау комитеттері; республикалық, облыстық, аудандық «Агрохимиялық қызметтер»; фермерлік және шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және т.б.; аграрлық колледждер.

Жұмысқа орналасу саласы: Ауыл шаруашылығы мен жер пайдалануды  басқару органдары, өндірістік кооперативтер, саябақтар мен дендробақтар, өсімдік қорғау агрохимиялық  станциялар мен зертханалар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері.

6В09110 – Ветеринариялық медицина  (биология - химия).  Оқу мерзімі: 5 жыл

Кәсіби қызметі: - ауылшаруашылығы өндірісі саласына жататын шаруашылықтардың барлық түрлері;

-көлік, цирктер, ипподромдар, мемлекеттік қызмет, асыл тұқымды бірлестіктер;

-ветеринарлық емдеу орындары, дәріханалар, лабораториялар, хайуанаттар паркі, қорықтар, ет комбинаттары;

-биологиялық комбинаттар және басқа да биологиялық белсенді заттарды даярлайтын және олардың сапасын бақылайтын кәсіпорындар; 

-мемлекеттік ветеринариялық қызмет мекемелері;

-ветеринариялық, биологиялық бағыттағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары;

-әскери ветеринариялық қызмет; білім беретін оқу мекемелері.

Жұмысқа орналасу саласы: Әр түрлі шаруашылық және меншік бағытында өсірілетін ауыл шаруашылығы; малдың, құстың және балықтың індетті, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларының алдын алу және емдеу жұмыстарын жүргізеді. Адамды және малды антропозоонозды аурулардан қорғайды, қоршаған ортаны мал және мал өлекселері арқылы берілетін қоздырғыштардан қорғайды.

6В07350– Жерге орналастыру (математика - география).  Оқу мерзімі: 4 жыл

Кәсіби қызметі: Қазақстан Республикасының жер қорының барлық санаттары;

Қалалардың, поселкілердің және ауылдық елді мекендердің шекарасында орналасқан жер учаскелері бола алады.

Жұмысқа орналасу саласы: Облыстық, қалалық, аудандық жер ресурстарын басқару, архитектура және табиғатты қорғау бөлімі. Ғылыми зерттеу орталығы және институттар. Жерді бағалау мемлекеттік және жеке өкілеттіктер. Жылжымайтын мүлік және жерді бағалау (БТИ) мекемелері.

6В07360– Кадастр (математика - география).  Оқу мерзімі: 4 жыл

Кәсіби қызметі:  Жер ресурстарының барлық санаттары, жерді пайдалану мен жеке меншік формалары түрлері; жеке меншік түрлері мен нысаналы мақсаты, санаттарына қарамастан қала, поселке, ауыл елді мекен пункттерінде орналасқан жылжымайтын мүлік түрлері мен объектілері.

 Жұмысқа орналасу саласы:   Жердің геодезиялық және топографиялық түсірілімдерін жасау. Сандық технологияны пайдалана отырып жерді картографиялау және фотограмметриялық жұмыстарды жасау. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді пайдалану, қорғау, оны мемлекеттік бақылау және мониторинг жүргізу. Жерді бағалау жұмыстарын орындау.