Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

2013ж 15 қараша айында ОҚМУ-дың бас ғимаратында Қазақстандағы АҚШ елшілігі Аймақтық офис директоры Дженнифер Улер мен ағылшын тілі бағдарламасының координаторы Ольга Патеровамен кездесу өтті. Кездесуде бағдарламаға қатысты бірнеше сұрақтар қойылды. Кездесуге «Агроөнеркәсіптік мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасының мына оқытушылары қатысты: кафедра меңгерушісі Ереханова Ф.Т, аға оқытушы Жорабекова А.Н, магистрлер Бейсенова Г.А, Суюндиков А.А, Жолдасова М.А, Бердешова А.О. Кездесуде шетелде оқудың бірнеше бағдарламалары мен оқу материалдар жайында сөз қозғалды.