Аграрлық факультеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

11-13 ақпан күндері аралығында «Ветеринарлық медицина» кафедрасы, ВАП тобы студенттерінің диплом қорғау жұмысы өтті. Комиссия төрағасы болып ҚазҰАУ-нің  ветеринария ғылымдарының доценті, профессор Джуланов Мардан Нұрмаханбетұлы келді. Комиссия мүшелері кафедра меңгерушісі-Күзербаева Айсұлу Тұрмаханбетқызы, а.ш.ғ.к., аға оқытушы- Байжанов Кеңес Серикбаевич және в.ғ.к., доцент-Тұтқышбай Ибрагим Аскерович болды. Студенттердің қорғау жұмысы нәтижелі аяқталып, болашақта оң нәтижелер көрсететіндігі айтылды.