Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiнiң №9 корпусының қабырғасында « Болашаққа нық қадам » атты  бірінші курс студенттерінің арнау кеші өтті. Арнауға барлық қатысқысы келген студенттер, белсенділер, сонымен бiрге басқа факультеттерден келген квн команда, әншілер мен бишілер, қонақтар және университеттiң оқытушылық құрамы шақырылды. Шараның барлық қатысушылары творчестволық және ұйымдастырушылық қабiлеттерін көрсеттi. Студент-белсендiлер, оқытушылар, сонымен бiрге президенттiк стипендияның иелерi марапатталды.