Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Осыдан 20 жыл бұрын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бәсекеге қабілетті ұлттық кадрларды даярлау бағытындағы заман талабынан туындап отырған жаңаша, маңызды «үздік жоба» ретінде танылды. Өйткені кәсіби шеберлікті шыңдау, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды екшеп оқу үдерісіне ендіру жоғары оқу орындарының кезек күттірмес мәселесі болып табылады. Осы мақсатта жан-жақты ақпаратпен қаруланған білімді, кәсіби маман даярлау ісінде Агроөнеркәсіп факультеті де белсене қатынасып, нәтижесінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Көшбасшы - 2013» номинациясының иегері атанды. Бұл факультет ұжымының «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы талаптарына сай жұмыс жасап, өзіндік үлесін қосып келетіндігінің кепілі. Атап айтсақ, а.ш.ғ.к.Теңлібаева А.С.Ресей, в.ғ.к , доцент Тұтқышбай И.А Германия, т.ғ.к.Манабаев Н Ресей, оқытушы Турғанбаев Н Ресей, ф.ғ.к.Ереханова Ф,Ұлыбритания, аға оқытушылар Жорабекова А., Сейтжаппар М., Бейсенова Г., Жолдасова М.  Швейцария елдерінде ғылыми тағылымадан өтіп, кәсіби шеберлігін шыңдап келді.      Құрметті Болашақтықтар, оқытушы профессорлар құрамы мен әріптес ұстаздар! Елбасымыздың басшылығымен 2013 жылғы 29-30 қараша аралығында Астана қаласында «Тәуелсіздік сарайында» өтетін «Форумға» Сіз бен біздің де қосар үлесіміз мол болмақ!

 

Ізгі ниетпен,

Ибрагим Асқарұлы Тұтқышбай

М.Әуезов ат. ОҚМУ Агроөнеркәсіп факультетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, ветеринария ғылымының кандидаты, доцент, ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері.