Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Агротехнология

 

   Кафедра меңгерушісі

 

   Елибаева Гульмира Исатаевна

 

   биология ғылымдарының кандидаты

 

 

Кафедра мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қ., М.Х.Дулати 198, 9 корпусы, 221 ауд.

Жұмыс телефоны: 8(7252) 32-23-37

е-mail:  Elibaeva.gulmira@mail.ru

►Профессор-оқытушылар құрамы

Кафедра тарихы

«Агротехнология» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының 2005 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен Агроөнеркәсіптік факультетінің жанынан ашылған. Кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша мамандар әзірленеді:

5В080100 - Агрономия,

5В080800 - Топырақтану және агрохимия.

Кафедра тарихы

«Агротехнология» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының 2005 жылғы 14 қыркүйектегі бұйрығымен Агроөнеркәсіптік факультетінің жанынан ашылған. Кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша мамандар әзірленеді:

5В080100 - Агрономия,

5В080800 - Топырақтану және агрохимия.

Біздің кафедраның рөлі ел экономикасының басым саласына – агроөнеркәсіптік кешенге (мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, агрономия, т.б.) түрлі бағыттағы мамандарды дайындаумен аса бағалы.  Мұнда мықты оқытушылар құрамы: 2 ғылым докторы, профессор (оның ішінде біреуі ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты), 12 ғылым кандидаты жұмыс жасайды.

Студенттер контингенті жыл санап артуда. Бүгінгі таңда кафедрада 426 студент оқыса, оның 98.8% мемлекеттік білім грантымен білім алуда.

Талапкерге

Мамандықтарға сипаттама

5В080100- Агрономия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Маман мамандығы: агрономия бакалавры.

Аталған мамандық түлектері төмендегідей кәсіби қызмет түрімен айналыса алады: диқаншылықтың өндірістік процесін ұйымдастыруға, сондай-ақ осы процестерді басқаруға байланысты ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; қаржы-шаруашылық қызмет – өсімдік шаруашылығының өнімін өндіруге байланысты қаржылай және еңбек ресурстарының есебін жүргізу.

Жұмыс орындары: ауыл шаруашылығы басқару органдары, өндірістік кооперативтер мен шаруашылықтар, астық инспекциясы және зертханасы, бау-бақшалы саябақтар мен дендробақтар, өсімдік қорғау станциялары, кедендік қызмет, өсімдіктер карантині, кедендік бақылау, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері. 2012 жылы ашылған 3 жылыжай жұмыс істейді.

5В080800 - Топырақтану және агрохимия

Оқу мерзімі: 4 жыл

Маман мамандығы: топырақтану және агрохимия бакалавры

Жұмыс орындары (топырақтанушылар үшін): ауыл шаруашылығы мен жер пайдалануды басқару органдары, өндірістік кооперативтер мен шаруашылықтар, бау-бақшалы саябақтар мен дендробақтар, өсімдік қорғау агрохимиялық станциялары мен зертханалары, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері.

Жұмыс орындары (агрохимиктер үшін): жер комитетінде, экологиялық департаментте, ауыл шаруашылығы басқару органдары, өндірістік кооперативтер мен шаруашылықтар, астық инспекциясы және зертханасы, бау-бақшалы саябақтар мен дендробақтар, өсімдік қорғау станциялары, кедендік қызмет, өсімдіктер карантині, кедендік бақылау, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелері.

Біздің жетістіктеріміз

«Агротехнология» кафедрасы бойынша 2016-2017 оқу жылы ішінде перспективті және жылдық жоспар орындалды. Кафедраның сапалық құрамы жақсарып ғылыми атағы және дәрежесі бар профессор-оқытушы құрамы 62,5%-ға жетті. Кафедрада 2 доктор және 12 кандидат жұмыс атқарады. 

2016 - жылда  Агротехнология кафедрасының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері  бойынша 2-оқу құралдары,  барлық мақалалар-48, конференциялардағы жарияланымдар- 38 болып,  инфакфактор-5, Вестник жалпы саны-3 жарияланым мен оқу материалдарды құрады.

3.«Әуезов оқулары-13: «Ғылыми,білім және мәдениеттің инновациялық бағыттарын дамытудағы аймақтық университеттің рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына К.Суримбаевамен «Буассье шытыршығы жемісі мен дәндерінің биологиялық ерекшелігі» атты мақаласы жарыққа шықты.

Агротехнология кафедрасы профессор-оқытушылар құрамының М.Әуезов оқулары-12 «Ғылым, Білім және  мәдениеттің инновациялық   бағыттарын дамытудағы аймақтық университеттің рөлі» атты  еңбектерінде 12  мақалалалар  жарияланды.

Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймағында қуаңшылыққа төзімді малазығындық дақылдарын енгізу тақырыбы бойынша ұсыныс. А.ш.ғ.к.,аға оқытушы  К.А Суримбаева 2013.-24бет

Кафедра меңгерушісінің басшылығымен алғашқы рет № 9 ғимарат маңындағы іс-тәжирибе алаңдарына дәрілік шөптерден коллекциялық –питомник құрылды, бақша-көкөніс дақылдары отырғызылды, қуаңшылық аймақтың мал азғындық өсімдіктерінің тектік қоры құрылды.

Дәнді дақылдарға электростимулдау әсері бойынша тәжірибе Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақжар ауылында «Заречный» кооперативінде «Дәнді дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін кемінде 20-30% арттыру» тақырыбы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы өнімдері бәсекелестігін арттыру» инвестициялық грант жобасы дүниежүзілік өркендеу банкінің қолдауы бойынша жургізілді.

25.05.2017 жылы "Агротехнология" кафедрасының профессоры Раисов Б.О  " LABORE ET SCIENTIA-Трудом и знанием" орденімен марапатталды.

 

Оқу процесіне жаңа оқыту технологиялары енгізілуде, мультимедиямен қамтамасыз ету жақсартылды. ТСО, ЭВМ белсенді түрде қолданылуда, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мен модульді-рейтинг жүйелерінің қызмет көрсетуі  жақсартылды СӨЖ, өндірістік іс-тәжірибе, мемлекеттік емтихандар, бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша жұмыстарды, ҒЗЖ мен СҒЗЖ, сыртқы бөлім студенттермен бірге оқу жұмысының  сапасын  бақылау, ОПҚ біліктілігін жоғарлату, тәрбие жұмыстары, кәсіби бағдар беру, халықаралық қатынастарды ұйымдастыру  қойылатын талаптарға сәйкес   келеді.  

Агротехнология кафедрасының аға оқытушысы, а.ш.ғ.к  Суримбаева  Кулайша 2014 жылдың маусым айында Ресей Жаратылыстану Академиясының Золотой фонд отечественный ұлттық бағдарламасының аясында  «Европейский научно –промышленный консорциум» марапаттау коммисиясының шешіміне сәйкес және алдағы келе жатқан Жаратылыстану Академиясының 20 жылдық мерей тойы қарсаңында тағайындалған «PRIMUS INTER PARES- ПЕРВЫЙ СРЕДИ РАВНЫ» тағайындалған орденімен марапатталды (№48. 0 9 маусым 2014 жыл).

ОҒӨК (УНПК) ұйымдастырылуы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  «Қайнар-бұлақ» эксперименттік учаскесінде- 5В080100 «Агрономия» мамандығының 2,3,4 курс студенттері  2015-2016 оқу жылында кәсіби практикадан өтті. Кәсіби тәжірибеден өту арқылы  1,2,3,4 курс студенттері қарқынды алама өсіруге  қатысты: ол жерде мынадай сорттар ұсынылды: «Голден Делишес, Айдарет, Скарлет, Ред Фиш», 700 түрлі жеміс ағаштар, шие сорттарын отырғызылды «Аделина», персика «Альберто», абрикоса «Шалох», қара өрік «Ренклор» шие «Киевская красавица» алмұрт «Лепотица», грек жаңғағы «Георгиевка», сонымен қатар екпе жүзім  (35 түрлі сорттарын қоса алғанда)  студенттер көкөніс дақылдарының түрлі өкілдері (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш, пияз, аскөк, картоп), бақша дақылдары (әр түрлі будандары Нидерланд және американдық таңдау) бұршақ өсімдіктері де отырғызылды. Студенттердің өңдірістік тәжірибеден оқыту арқылы  өз бетінше бір мезгілде  курстық жұмыс, дипломдық жобаларды дайындау  мақсатында минералдық тыңайтқыштарды қолданды, қайта зарядтау суару, зиянкестер мен аурулардың қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар, соңғы биостимуляторларды тиімді технологияларды пайдалана отырып, ашық далада көкөніс және жеміс-жидек дақылдарын өсіру технологиясын жоғары өнімділігі игерді.

2016-2017 оқу жылында «АШҒ ЖМ» кезеңінде «Агротехнология» кафедрасының  перспективалық инновациялық кәсіпорындармен ОҒӨК келісім шарт жасасқан  кезде ЖШС «КАЗАГРОНОМ» - директоры Гелашвили М.К; КХ «АДЕЛЯ» - директоры Ковченко Л.П.; ТОО «SMG GREEN HOUSE PROFIT», ТОО «Агро Групп Холдинг» АПК Оңтүстік Қазақстан. Оқытушылар ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарын өндіру үшін,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Қайнар-бұлақ» эксперименттік сынақ учаскесінде,  оқу және өндірістік зертханалары жылыжайлар №1,2-9 университет тұрғын үй ауласында,  эксперименттер және тәжірибе сапасын арттыруға мүмкіндік береді, кәсіби тәжірибені қабылдау арқылы, олар ауыл шаруашылық және өсімдік шаруашылық заңдарын біледі, топырақтың жіктелуін, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіреді, заманауи озық технологияларды, топырақтың құнарлылығын және өсiмiн молайтуды, бағалау практикалық әдістерін үйренеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері және олардың биологиялық, жоғары сапалы және экономикалық ерекшеліктері, қоршаған орта жағдайларына қойылатын талаптар, физикалық ауыл шаруашылық практика әсері, химиялық, топырақтың технологиялық және басқа да қасиеттері,  егін шығымдылығын арттыру әдістері, негіздері және тұқым өсімдік шаруашылықғы, ол студенттердің кәсіби тәжірибеден өтіп  білім  сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

   ТОО « КАЗАГРОНОМ»

   «SMG GREEN HOUSE PROFIT»

   «Кайнар булак»

   ТОО «МРиК»

   ТОО «Аделя»

    «Жас кешу»

Ғылыми бағыттар

М.Әуезов ат. ОҚМУ-нің ҒЗЖ  жоспар бойынша орындалады.

1. Шаруашылықтардың жаңа түрлерін есепке ала отырып топырақтардың құнарлылығын арттырудың теориялық негіздерінде жаңа экологиялық қауіпсіз және су ресурстарын сақтайтын технологияларды жасау және қолданыстағы технологияларды толық жетілдіру.

2. Оңтүстік Қазақстан шаруа қожалықтарындағы нарықтық жағдайда ауылшаруашылық дақылдар мен топырақ өңдеу тәсілдері.

3. Мақта дақылының «Түркістан» сортын өсіру агротехникасы мен егін егу және жүйекаралық өңдеуге арналған техниканың жетілдірілген түрін қолдану.

4. Мақта өсімдігінің жаңа түрін өңдеу агротехникасын меңгеру

Халықаралық байланыстар

Кафедра әйгілі оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, алдыңғы қатардағы ғалымдар және сала мамандарымен творчествалық байланыста:

Кафедрадағы доктор ,кандидат ғылыми дәрежелі оқытушы профессорлар жаңа инновациялық ,жоғары технологиялық жобалар жасап, және басқа ізденіс жұмыстарына кафедрадағы жас оқытушылар мен магистрлерді; сонымен қатар жоғары курс студенттерін жұмылдыруда.

Сөйтіп, Орамжапырақ өнімін көтеру мақсатындаөсіру стимуляторы арқылыэкологиялық қауіпсіз технологияны дайындау. Оңтүстік Қазақстан облысының тау аймақтарының маңында дәрілік және сәндік өсімдіктердің инновациялық технологиясымен өсіруді әзірлеу, ҚР тоқыма өнеркәсібін дамыту үшін жоғары сапалы талшықты алумен отандық жаңа сұрыпты мақтаның өсіру технологиясын жасау, тақырыптпрында орындалған жобаларды  ҚР БҒМ жариялаған конкурсына жіберілді.

Түлектеріміз

Біздің кафедраның түлектері Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс жасауда. Кафедраның түлектері құрамында –  ҚР Ұлттық Аграрлық университнтінің ауыл шаруашылық ғылым магистрі дәрежесін алған екі магистр маманы қызмет жасауда, түлектер – Германия қаласында ғылыми – іс -сапарда  Гумболд университетінде болып қайтты.

Іс-сапардың мақсаты: Майлы дақылдардың жоғарғы сортты өнімдерін және тиімділіктерін үйрену. 

I) Іс-сапар барысында Гумболд мемлекеттік аграрлы университетінде мына жұмыс түрі орындалды:

1.  Гумболд мемлекеттік аграрлы университетінде,  агрохимия кафедрасының танысу.

2.  Кафедраның Знакомство с отчетами кафедры агрохимии последних лет по вопросам удобрения масличных культур.

3. Университеттің кітапханасында аймақтағы тыңайтқыштардың және агротехникалық шаралардың  тиімділігі туралы мәселелерді қарастыру. Кафедрадағы аспиранттар мен магистранттардың өндірістермен тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулерді бекіту. 

3. Кафедраның агрохимиялық зерттеу әдістерімен, жаңа зертханалық құрал-жабдықтарымен танысу өтті.  Атомды-абсорбциялы спектометрде қалай жұмыс-жасау жүйесін,  зертхананың құрал жабдықтарының ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде анықталу жүйесін үйрену.  Айта кету керек университеттің зертханасы жоғары жабдықталған және агрохимиялық зерттеу құрал жабдықтары жаңа жүйеде (фотометрлер, иономер, БИГ-анализатор және т.б.).