Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Агроөнеркәсіптік мамандықтар бойынша шет тілі

   Кафедра меңгерушісінің м.а. 

 

   Қалдаяқов Көшербай Қалдаяқұлы

 

   Филология ғылымдарының кандидаты,аға оқытушы

 

Мекен-жайы: ОҚО, Шымкент қ,. М.Х.    Дулати, 189, №9  ғимарат,  202 кабинет.
Телефоны: 8(7252) 32-22-58
E-mail:  aitoti 67@mail.ru
►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер
Кафедра тарихы
Бүкіләлемдік қауымдастықтағы интеграцияға байланысты, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекет саясаты зияткерлік , көп мәдениетті ұлтты қалыптастыруға бағытталуы ЖОО алдына жаңа мақсат пен міндеттерді қояды.  Жоғары білім беру жүйесіндегі барлық өзгертулер бәсекелестікке қабілеттілігі ең жоғары әлем елдері қатарына Қазақстанның енуі стратегиясының жылдам іске асуына жасаған нақты үлесі болып табылады.
Сол себептен осы саясатты іске асыруда М.Әуезов атындағы ОҚМУ ерекше орын алады. Бүгінгі таңда университет республика деңгейінде ғана емес, сонымен қатар, дамыған білім беру және ғылыми инфрақұрылымды, жоғары технологиялар саласында дамытуға қабілетті кадрлық потенциалы қалыптасқан ірі көп салалы жоғары оқу орны ретінде шет елдерге де танымал.
Университет көптілді білім беруге үлкен көңіл бөледі. Сондықтан 2012жылғы тамыз айының 28-ші жұлдызында өткен Ғылыми Кеңес мәжілісінің қаулысымен «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасынан бөлініп, «Агроөнеркәсіптік мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасы «Агроөнеркәсіп» факультеті құрамына кірді.
1955 жылы алғаш шетел тілдері кафедрасы ашылды. Оның құрамында көптеген ірі тұлғалар  қызмет атқарды.Мәселен: Сахарова-Данзас Е.К,Шерли Овертон (АҚШ волонте рі),Кремаренко Л.А, Блинова Т.Г, Сокольская Н.Б, Кренцяев А.Б, Смогержевская А.Т, Танапольская М.М, Сидорова В.Г, Краснова Т.С, Солоха К.А, Сухамбердиев А.К, Губер К.К. және т.б.
Бүгінгі күні шетел тілінің сұраныстары күрделі, мазмұны өзгерген. Сондықтан да заман талабына сай интернет, электрондық жабдықтар, интернет корпоративті жүйелерін пайдалана отырып, білімді жастарды тәрбиелеуіміз қажет.  Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұжымның оқытушылары студенттерге дәріс берумен ғана шектелмейді, оларға тәрбие жұмыстарын үзбей жүргізіп отырады. Бұл орайда Бердешова А.О. тәрбиелік іс-шараларға жауапты. Оқытушының жұмыс жоспары бойынша 10 бағытта жұмыс  жүргізілуде   және әр мерекелік кезеңдерге кафедрада түрлі тақырыптарда студенттермен сұхбаттар ұйымдастыруда.
Кафедрада 2014-2015 оқу жылдары еңбек келісімі бойынша 10 оқытушы - 1 филология ғылымдарының кандидаты, 3- магистр, 6 аға оқытушы жұмыс істейді.
 Кафедрадағы   ғылыми-әдістемелік жұмыс
Агроөнеркәсіптік мамандықтар бойынша шет тілі кафедрасы 2012-2017 оқу жылдарына арналған ҒЗЖ Мемлекеттік бюджеттік сөздік (Б-ФФ-06-11-09) «Агроөнеркәсіптік» тақырыбындағы көп тілдік (ағылшын, орыс, қазақ, неміс, француз)  сөздікпен жұмысын  қазіргі таңда орындауда. Сонымен қатар ҒЗЖ Мемлекеттік бюджеттік сөздік тақырыбы бойынша (Б-ФФ-06-11-09)  кафедра оқытушылары ғылыми мақалалар жазуда.
Кафедрада интенсивті түрде оқу-әдістемелік оқулықтар дайындалуда. Олар  оқу әдістемелік нұсқаулар, Іскерлік ойындар жинағы, тексттер жинағы, кейстер.
 Кафедрадағы Ғылыми зерттеу жұмыстары
Агроөнеркәсіп факультетінің «Агроөнеркәсіптік мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасының 2014-1015 оқу жылында  атқарылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары университет жоспарында көрсетілген ғылыми-зерттеу тақырыптарына сәйкес жүргізілуде.
Кафедраның болашақтағы жоспарлары
Мемлекетіміздің елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын орындау мақсатында бәсекелес жоғары квалификациялы әлемдік талаптарға сәйкес келетін мамандарды даярлауда  «Агроөнеркәсіптік мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасында болашақта ғылыми-студенттік үйірме қызметінің белсенділігін арттыру жоспарланған.Агроөнеркәсіп факультетінің студенттеріне көп мәдениетті,көп тілді тағылым берудегі мақсатымыз-оларды шет тілін түсінуге,сөйлей және жаза білуге үйрете отырып, Халықаралық «Болашақ», «DAAD» сияқты бағдарламаларға қатыстырып, болашақта мамандардың білімін арттыру көзделген.