Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

       М.Әуезов атындағы ОҚМУ –нің «Аграрлық факультеттің» «Өсімдік шаруашылығы және Мал шаруашылығы» кафедрасының 1- курс студенттері арасында Ұлы Ақын  Абай Құнанбаевтың 175- жылдығына орай «Абай - дара, Абай - дана Қазақта»  атты іс шара орындалды.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Студенттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

Ұйымдастырушылар: Аға тәлімгер Палманова А.А