Ауылшаруашылық ғылымдары Жоғары мектебі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

11 December 2017

      Келешектегі жоспарлар

      Алдағы уақытта кафедрада жаңа 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша магистранттарды дайындау үшін біршама жұмыстар жоспарлануда. Бұл, осы бағыттағы студенттермен оқушылар контингентін санын арттыруға өз септігін тигізеді.

Кафедраның 5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану, 5В080600 - Аграрлық техника және технология, 5В090300 - Жерге орналастыру және 5В090700 - Кадастр оқу бағдарламалары бойынша іс-тәжірибе базалары:

 Кафедрада   жүргізілген тәрбие жұмысына сипаттама, (тәртіп бұзушылыққа қарсы күрес Кеңесінің, оқу-тәрбие комиссиясының,  тәлімгерлер Кеңесінің, жастар ұйымдарының) жұмыстары, оны жүргізу әдістері мен түрлері. Тәрбие жұмыстарының кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша материалдарды талдау, студенттер арасында тәртіп бұзушылыққа қарсы  және тәрбие жұмыстарын күшейту шараларын жүзеге асырудың нәтижелерін бағалау (оң нәтиже көрсеткен іс-шараларды көрсету), білім алушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру. 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары ынталы тақырыбы М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми-зерттеу жұмысының бес жылдық жоспары бойынша жүргізіледі.

1. «Сумен қамтамасыз ету, суғару және жайылымды суландыру мәселелерін шешуге арналған Оңтүстік аймақтық су  ресурстарын кешенді зерттеу». Жетекшісі: доцент  Султанбекова П.С.  Жұмыстың басталуы мен аяқталуы - 01.01.2016ж-31.01.2020ж.

       Қазақстан Республикасы Президентінің  “Болашақ ” халықаралық бағдарламасының стипендиаты:

1.Манабаев Нұрлыбай Тағабекұлы – Ресей, Мәскеу, К.Тимирязев атындағы Ресей ауылшаруашылық академиясы

2017-2018 оқу жылында Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің «Су ресурстары ,жерді пайдалану және агротехника» кафедрасында 5В080500 – Су ресурстары және суды пайдалану, 5В080600 –Аграрлық техника және технология, 5В090300 Жерге орналастыру, 5В90700 Кадастр  мамандықтары бойынша   студенттер білім алуда.

 «Су ресурстары ,жерді пайдалану және агротехника» кафедрасында  240- студент білім алуда. Олардың  217- білім грантында, ал қалған 23-і ақылы негізде оқиды.

       Кафедраның 2017-2018 оқу жылында 5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде 147 студент білім алуда. Студенттер контингенті жыл сайын артуда, оның 98.8% мемлекеттік білім грантымен білім алуда. Олар соңғы үлгідегі оқу – зертханалық құрал жабдықтармен қамтылған аудиторияларда немесе кафедраның оқу базаларында білім алып, студенттік ғылыми және дипломдық жұмыстарын орындауда.

Кафедра тарихы

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

 

     Кафедра «Агроөнеркәсіп» факультеті құрамында «Су ресурстары және жерді пайдалану» атымен 2007 жылы ашылды. 2011-2012 оқу жылында  кафедра «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Жерге орналастыру, кадастр және ауыл шаруашылық техникасы » кафедраларына екіге бөлінді.

Біздің жетістіктеріміз

«Агротехнология» кафедрасы бойынша 2016-2017 оқу жылы ішінде перспективті және жылдық жоспар орындалды. Кафедраның сапалық құрамы жақсарып ғылыми атағы және дәрежесі бар профессор-оқытушы құрамы 62,5%-ға жетті. Кафедрада 2 доктор және 12 кандидат жұмыс атқарады. 

«Агротехнология»  кафедрасы  М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының 2005-жылғы 14-қыркүйек №316 бұйрығымен Агроөнеркәсіп факультеті құрамында ашылған. Кафедрада төмендегі мамандықтар бойынша болашақ мамандар әзірленуде: 5В080100-Агрономия, 5В080800- Топырақтану және агрохимия.